23 шілде 2020 14:00

Көшеде міндетті түрде маска тағу керек - Қазақстанның бас санитар дәрігері

© Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сыртта маска тағу міндетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сыртта маска тағу міндетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде карантин кезінде жабық типтегі нысандарда да, ашық нысандарда да маска тағу міндетті. Соған байланысты Қазақстан азаматтарына талап қойылып, жауапкершілікке тартылады. Маска инфекцияның тарауынан қорғайтыны дәлелденге, себебі коронавирус ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі", - дейді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде. 

Реклама
Реклама

Бас санитар дәрігер аталған талап 26 шілдедегі 43-қаулыда жазылғанын айтты. 

"Қол - инфекция тарайтын жер. Инфекция шырыш арқылы да тарайды. Бетімізді 5-6 рет ұстайтынымыз туралы зерттеу бар. Ол инфекцияның тарауының негізгі жолдарының бірі", - дейді Есмағамбетова. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram