21 наурыз 2021 | 14:22

Көшенің бұрыш-бұрышында: БҚО тұрғындары иттердің жаппай қырылуына наразы болды

Фото: "МойГород"

Орал қаласының Ақсай қалашығының тұрғындары әлеуметтік желілерде көшеде иттердің қаптап кеткенін айтып, наразы болды. Одан бөлек, соңғы уақыттары көшенің бұрыш-бұрышында иттердің өлігі қаптап кеткен, - деп хабарлайды "МойГород"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орал қаласының Ақсай қалашығының тұрғындары әлеуметтік желілерде көшеде иттердің қаптап кеткенін айтып, наразы болды. Одан бөлек, соңғы уақыттары көшенің бұрыш-бұрышында иттердің өлігі қаптап кеткен, - деп хабарлайды "МойГород"

Портал мәліметінше, былтыр 16 қазаннан бастап Орал мен Ақсайда көшедегі иттердің көзін жою жұмыстары тоқтаған, оның орнына жануарлар зарарсыздандырылып, тіршілік ету ортасына жіберіліп тұрған. 

Қала тұрғындарының сөзінше, өкінішке қарай, жабайы иттер мәселесі әлі де өзекті. Олар әлеуметтік желілерде аш, жабайы иттер үй-үйді аралап жүргені туралы видеолар түсіре бастаған. 

Реклама
Реклама

"Біз қаланың ортасында тұрамыз, қандай сұмдық болып жатқанын елестетудің өзі қиын. Көшеге шығу мүмкін емес, ит көп. Енді баламды өзім мектепке апаруыма тура келеді", - дейді Оксана есімді жергілікті тұрғын. 

Сонымен қатар, Instagram-дағы zhaloba_aksay_official тобында адамдар иттерден қорқып, дүкеннен шыға алмай тұрған видео пайда болды. 

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жағдай өрши түскен: соңғы кездері көшенің бұрыш-бұрышында иттердің өлігі қаптап кеткен. Кейбірі оларды көлік қағып кеткен болуы мүмкін деп болжаса, енді бірі олар аштан өлген деп болжаған. Алайда zoo____mir ресми парақшасының мәліметінше, иттерді өлтіре бастаған. 

"Иттер Трансформатор аялдамасына жақын жерде өлі жатыр. Алып кетсін, көмсін, бірнәрсе істеңіздерші, өтініш", - деп жазды ақсайлықтар. 

Тұрғындардың наразылығына жергілікті билік жауап берді. Бөрлі ауданының әкімдігінің мәліметінше, жергілікті органдар бұл жайттан хабардар. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Бөрлі ауданының полиция бөлімі қала және аудан басшылығымен бірлесіп иттердің өлімінің себептерін анықтауға бағытталған шаралар қабылдап жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная