15 қараша 2023 | 17:16

"Көшпенділер" бекінісін сату кезінде "Қазақфильмді" кім басқарған?

Бақыт Қайырбеков. видео кадры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақфильм" экс-президенті Алматы облысында Іле өзені жағасында "Көшпенділер" фильмі үшін салынған бекіністі сатуда астыртын әрекет жасады деп күдіктенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақфильм" экс-президенті Алматы облысында Іле өзені жағасында "Көшпенділер" фильмі үшін салынған бекіністі сатуда астыртын әрекет жасады деп күдіктенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылы бекініс салынған құнынан 44 есе арзанға сатылған. Ол бұрынғы мәдениет министріне қарасты үлескер компанияға сатылған. Қазір бұған Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы анықталып жатыр", - деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Реклама
Реклама

Ол қазіргі уақытта "Қазақфильм" экс-басшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын, бірақ ұсталмағанын айтты.

2017 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметін белгілі қазақстандық кинорежиссер, ақын және сценарист Бақыт Қайырбеков атқарған.

Қайырбеков 2015 жылдан бері "Қазақфильм" президенті болып жұмыс істеп, 2019 жылдың тамызында қызметінен кеткен. Ол бұған дейін "Білім және мәдениет" телеарнасының директоры болған. "Ақбосаға", "Возвращение в лоно неба", "Мен саған сәбимін" атты фильмдердің авторы. "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Тілеукеновтің айтуынша, Антикорда бұл компанияның бұрынғы Мәдениет және спорт министрімен байланысы бар екені туралы ақпарат бар.

Тілеукенов ведомство бұл мүлік пен жер телімін мемлекетке қайтаруды көздеп отырғанын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная