ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2024 | 12:22
Қосшы қаласының әкімі Мемлекет басшысына есеп берді
Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенова Мемлекет басшысына есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенова Мемлекет басшысына есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімі қазіргі кезде жекеменшік инвестиция есебінен жанында 1000 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 орындық көпбейінді аймақтық аурухана салынып жатқанын жеткізді.
Жаңа ауруханада терапия, онкология, неврология және перзентахана бөлімшелері болады. Медициналық мекеме тек Қосшы халқына ғана емес, жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына да қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Биыл мамыр айында "Alan" дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Кешенде балаларға және ересектерге арналған бассейн, жаттығу және спорт залдары бар.
Ал Қосшы тұрғындарының игілігіне келесі жылы берілетін Қоғамдық мәдени-спорт орталығында интерактивті білім беру бөлімі, спорт залы, теннис, баскетбол, футбол, волейбол алаңдары, кинотеатр, көрме залы, кітапхана, дәрісхана, амфтитеатр ашылады.
Мемлекет басшысы Қосшы қаласында құрылыс жұмыстары қарқын ала бастағанын ескере отырып, облыс әкіміне елді мекендегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және газ құбырын тарту мәселелеріне айрықша мән беруді тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также