29 маусым 2022 | 11:43

Қостанай әкімін алаяқтар алдамақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/marat_zhundubaev

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев телефон алаяқтары оны қалай алдамақ болғанын айтты, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев телефон алаяқтары оны қалай алдамақ болғанын айтты, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

Әкімдік аппаратының отырысында полицейлер деректер келтірген. Оған сәйкес, биыл Қостанай облысында 141 интернет-алаяқтық эпизодын жасаған 31 күдікті анықталған.

Әкім Марат Жүндібаев қала тұрғындары жиі алаяқтардың құрбаны болатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бұл мәселенің басы ғана. Шындығында полицияға бәрі арызданбайды. Қарттар да, жастар да алданып жатады. Алаяқтыққа жеке өзім де тап болғанмын. Маған телефон шалып, картамның деректерін айтуды сұрады. Қазіргі уақытта телефон және интернет алаяқтары өте көп. Қылмыс трансұлттық сипатқа ие", - деп бөлісті әкім.

Қостанай қаласының әкімі тұрғындар арасында ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін, азаматтарды сақ және қырағы болуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная