ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 желтоқсан 2022 09:38
Қостанай және Қарағанды облыстарында мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті
6 желтоқсанда Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарында қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында 0-9-сынып аралығындағы мектеп оқушылары, Қостанай облысының Амангелді ауданы, Әулиекөл, Рудный, Арқалық қалаларында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары, Лисаков, Денисовка, Меңдіқара, Федоров, Қарабалық аудандарында бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары, Абай облысы Семей қаласындағы бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары, Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1-4 сынып оқушылары, Бесқарағай ауданында сабақ онлайн форматқа көшті.
Облыстың басқа аудандарында сабақ әдеттегідей өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу