16 қыркүйек 2020 | 16:01

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа орынбасарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа орынбасарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ол бұрын Қарасу ауданының әкімі қызметін атқарған Виктор Ионенко болды.

Реклама
Реклама

Виктор Николаевич Ионенко Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.

Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Карплюктің лауазымына тағайындалады.

Атқарылатын лауазымда Виктор Ионенко көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, құрылыс, сәулет, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне, өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппараты бөлімшелерінің, облыс әкімдігі басқармаларының, «жасыл экономиканы» дамыту, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне басшылық етеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная