29 қаңтар 2022 | 12:34

Қостанай облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанай облысы полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанай облысы полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының полиция басшысы болып полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.

Ерлан Омарбеков 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Карьерасын милиция батальонында милиционер қызметінен бастаған. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. ҚР ІІМ-де басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар - криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қостанай облысының Полиция департаментін алты жылдан астам басқарған Бекет Аймағамбетов ҚР ІІМ қарамағына алынды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная