Қостанай облысында 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қостанай облысында 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Қостанай облысында жер қойнауын пайдалану үшін берілген жер учаскелері қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында жер қойнауын пайдалану үшін берілген жер учаскелері қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының Прокуратурасы Жер учаскелерін қайтару бойынша шаралар қабылданбағынын анықтаған.

"Бұрын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген 16 учаске бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғаны не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сонымен бірге, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылған, олардың одан әрі иеленуі үшін құқықтық негіздері болмағанына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырған.

"Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша құны 625 миллион теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген прокуратура мәліметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама