ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2020 | 11:50
Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті
Қостанай облысында Қазанбасы - Апановка бағытындағы жүк салынған пойыз рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысында Қазанбасы - Апановка бағытындағы жүк салынған пойыз рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат 24 мамырда сағат 14.40-та болған.
"Қостанай облысында Құсмұрын - Тобыл учаскесінде Қазанбасы - Апановка бағытымен шыққан жүк көлігінің машинисі тежегішті шұғыл басқан. Себебі локомотив манометрі вагондар арасындағы ауа қысымының төмендегенін көрсеткен. Салдарынан локомотивтің 23 вагоны рельстен шығып кетті. Теміржолдың байланыс желісіндегі тіреуіштері бүлінген", - деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметіндегілер.
Бұл учаскеде жылдамдықты сағатына 70 шақырымнан асырмау жүру керек. Пойыз да сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүрген. Қазір апаттың салдары жойылып жатыр.
"Болған жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылары бар", - деді ведомстводағылар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также