07 қазан 2018 | 08:31

Қостанай облысында 35 жастағы полицейдің денесі табылды

Көрнекі сурет

Қостанай облысының Меңдіқара ауданы Боровской ауылында 6 қазан таңғы уақытта аудандық полиция қызметкері Айбек Жүнісовтің денесі табылды, - деп хабарлайды "Тобол-Инфо".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының Меңдіқара ауданы Боровской ауылында 6 қазан таңғы уақытта аудандық полиция қызметкері Айбек Жүнісовтің денесі табылды, - деп хабарлайды "Тобол-Инфо".

Полицейдің денесі "Колос" кафесі мен аудандық ішкі істер бөлімінің аралығынан табылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жақында Айбек Жүнісов өзінің әріптестерімен бірге кафеде қылмыстық тергеушілер күнін атап өткен. Ол жерде не болғаны жайлы әлі ешкім тіс жарған жоқ. 

Реклама
Реклама

Оқиға орнына тергеушілер аттанып, сол күні кафеде және аудан орталығында болған адамдардан оқиғаның мән-жайын сұрастыра бастады. Сөйтсе, қаза тапқан полицейдің кәмелет жасқа толмаған балалары мен әйелі бар екені анықталды. Сондай-ақ, аудандық офицер полицияда ұзақ уақыт қызмет еткені және жергілікті тұрғындар арасында ерекше құрметке ие болғаны белгілі болды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер "Наш Костанай" басылымына хабарлағандай, 35 жастағы марқұмның денесінде жарақаттардың жоқтығы анықталған. 

"Алдын ала тексеру бойынша, денесінде қандай да бір жарақат табылған жоқ. Өзімен бірге құжаттары мен ақшасы болмаған. Зорлық өлім белгілері анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Сот сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная