Қостанай облысында анасымен жанжалдасып қалған әйел гаражда өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Видеодан алынған кадр

Қостанай облысының Тобыл қаласында жергілікті тұрғын анасымен жанжалдасып қалғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының Тобыл қаласында жергілікті тұрғын анасымен жанжалдасып қалғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 27 қарашада кешке болған. Әйел гараждың есігін ішінен жауып алып, көлігін оталдырып, суицид жасағысы келген. Кейін анасы полиция шақырған. 

Гараждағы қозғалтқыштың дыбысын естіген полиция қызметкерлері терезені сындырып, ішке кірді. Бұл кезде қыз көлік тізгінінде отырған. Ол кейін газбен иістеніп кеткен гараждан таза ауаға шығарылды. Оқиғаның видеосы полицейдің төсбелгісіндегі камераға түсірілген.  

Реклама
Реклама

Анасы мен қызымен полиция бөлімшесінде профилактикалық жұмыс жүргізілді. Кейін олар үйіне жеткізілді. Құтқарылған 33 жастағы әйелдің анасы полицейлерге алғыс хат жазып кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама