15 ақпан 2022 | 10:00

Қостанай облысында ауыл тұрғындары фельдшерлік пункт пен дәріханасыз қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанай облысында ауыл тұрғындары фельдшерлік пункт пен дәріханасыз қалды. Дружба ауылының тұрғындары дәрі-дәрмек пен медициналық көмек алу үшін он шақырым жердегі қалаға баруға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында ауыл тұрғындары фельдшерлік пункт пен дәріханасыз қалды. Дружба ауылының тұрғындары дәрі-дәрмек пен медициналық көмек алу үшін он шақырым жердегі қалаға баруға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұрынғы фельдшерлік пункт орналасқан ғимарат бастапқыда сауықтыру орыны болған. Кейін  Дружба ауылының мәдени орталығына айналған. Клуб, кітапхана, спорттық секциялар мен үйірмелер бір орталықта орналасқан. Терапевт отыратын бөлме мен дәріхана жабылып қалды. Нысан қазір қаңырап бос тұр. 

"Терапевт, фельдшер, медбике, дәріханамыз болды. Ешқайда ат терлетіп жүрмедік. Осының бәрін қайтаруымыз қажет", - дейді Дружба ауылының тұрғыны Александр Чкалов.

Реклама
Реклама

Мәдениет және медициналық қызмет нысандары орналасқан ғимарат бір жыл бұрын апатты деп танылған. Енді жергілікті тұрғындар дәрі-дәрмек, медициналық көмек және қосымша сабақтар алу үшін Қостанайға барады.

Нысан апатты жағдайда деген шешіммен тұрғындар келіспейді. Ғимараттың іргетасы 30 жыл бұрын қаланған. Оны жермен жексен ету негізсіз. Бастан-аяқ жөндеп шыққан әлдеқайда дұрыс, деп есептейді олар. 

Бірақ әкімдік бұл пікірмен келіспейді. Техникалық тексеріс нәтижесіне сүйеніп осындай шешімге келгендерін айтады. Қауіпсіздік мақсатында ғимарат бұзылады. 

"Ғимарат апатты жағдайда. Сондықтан бұзудан басқа амал жоқ. Ішінде адамдардың болуы өте қауіпті. Толық сүріліп болғасын, орнына барлық талапқа сай, түрлі қызмет көрсету орнымен қамтылатын жаңа ғимарат тұрғызылады", -  қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Тамара Данильчук.

Ал жаңа ғимараттың қашан салынатынын әкімдік нақты айта алмады. Әзірге жобалық құжатына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім дайындалып жатыр. Шамамен 15 млн теңге бөлінбек. Дегенмен соңғы шешім алдағы мәслихат сессиясында қабылданады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная