06 наурыз 2020 | 15:51

Қостанай облысында ауылды қар басып қалды

Фото: alau.kz

Қостанай облысындағы Қостомар аулын қар басып қалды, - деп хабарлайды "Алау". 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысындағы Қостомар аулын қар басып қалды, - деп хабарлайды "Алау". 

Жергілікті тұрғындар өз аулын Солтүстік полюске теңеп жатыр. Көшелер, жол мен үйлерді қар басқан. Игорь Илензеер үйінің ауласына қардан баспалдақ жасап қойған. Отбасы үйге кіріп, көшеге шығу үшін күн сайын сол баспалдақпен өтеді. 

Реклама
Реклама

"Ауылда қар өте көп, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Көше тазармаған, үйім мен ауланы қар басып тастады", - дейді Игорь Илензеер. 

"Алау" мәліметі бойынша, тұрғындар қазір күннің жылынуынан алаңдап отыр. Олардың айтуынша, енді су тасқыны болуы мүмкін. 

"Келесі аптада температура нөлден жоғары болады деп қорқып отырмыз. Қар ерісе, үйді су басады", - дейді Игорь Илензеер.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная