10 ақпан 2022 | 15:36

Қостанай облысында бала ауруханаға қарда жүретін көлікпен жеткізілген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанай облысында бала шалғайдағы қыстаудан қарда жүретін көлікпен ауруханаға жеткізілген - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында бала шалғайдағы қыстаудан қарда жүретін көлікпен ауруханаға жеткізілген - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Амангелді ауданында 4 жасар балаға шұғыл медициналық көмек қажет болған. Бірақ отбасы тұратын Смайыл қыстауына медициналық мекеме қызметкерлері қарапайым көлікпен жету мүмкін болмаған. Себебі жолды жарты метр қар басып қалған. Сол себепті Байғабыл ауылдық округінің әкімі құтқарушылардан көмек сұраған.

Реклама
Реклама

"Нива BRONTO" жол талғамайтын көлікпен құтқарушылар қыстауға барды. Осы уақытта баласын трактормен алып келе жатқан ата-ана алдынан шықты. Анасы мен  баласын жол талғамайтын көлікке отырғызып ауруханаға аман-есен алып келдік", - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі.

Бала аман-есен ауруханаға жеткізіліп, жедел ішек инфекциясы диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Құтқарушылар қазақстандықтарды қолайсыз ауа райында жолда сақ болуды сұрайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная