Қостанай облысында бірнеше ауданды су басты

Айнұр Қапышова Корреспондент
Қостанай облысында бірнеше ауданды су басты Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар Қостанай облысының бірнеше ауданы мен өңірдің әкімшілік орталығында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар Қостанай облысының бірнеше ауданы мен өңірдің әкімшілік орталығында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Денисов ауданында, Набережное ауылынан 4 шақырым жерде қардың қарқынды еруіне байланысты Аршалы мен Набережное ауылдары арасындағы жергілікті маңызы бар автожолды су басқан.

"Елді мекендерге қауіп жоқ, көлік қатынасы үзілмді. Набережное ауылына апаратын балама жол бар. ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қостанай ауданы Мичурин кентінде "Мелиоратор" бау-бақша қоғамы жағынан су Астана мен Восточный шағынаудандарына қарай бұрылып жатыр.

ТЖД мәліметінше, тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Восточныйда еріген қар суын сорып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ведомство ақпаратына сәйкес, Қостанайдың Қонай шағынауданында да қауіп жоқ. Жағдайды бақылау үшін құтқарушылар дрон көмегімен әуеден шолу жасады.

Жалпы жағдай тұрақты, барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп қосты ТЖД өкілдері.

Кеше кешкісін Қостанай ауданы Мичурин кентінің Восточный шағынауданының тұрғындары мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде көшелерді су басқаны туралы хабарлады. Олардың айтуынша, даладағы су аз уақыт ішінде, шамамен 30 минутта жолдар мен аулаларды басып қалған. Аудан әкімі Олжас Нұрғалиев бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама