Қостанай облысында ер адам әйелінің бұрынғы күйеуін бопсалап келген

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Қостанай облысы Федоров ауданында 30 жастағы ер адам ұсталды. Ол 36 жастағы танысынан ірі көлемде ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы Федоров ауданында 30 жастағы ер адам ұсталды. Ол 36 жастағы танысынан ірі көлемде ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұл мәселе отбасылық сипатқа ие екенін анықтаған. Жәбірленушінің бұрынғы әйелі - қазір күдіктінің жары, ал 11 жастағы ұлы өгей әкесімен бірге тұрады.

"Осы жағдайды күдікті өз пайдасына жаратқан. Шілдеде күдікті баланың әкесіне оның жол апатына кінәлі екенін айтып, сол сылтаумен 750 мың теңге алған. Кейін жаңа сылтау ойлап тауып, "баланы полиция ұстады, ал мәселені шешу үшін 650 мың теңге қажет" деген. Осыдан кейін күдікті 1,5 миллион теңге талап ете бастаған", - деді ІІМ өкілі.

Реклама
Реклама

Тергеу деректеріне сүйенсек, ол үздіксіз қоңырау шалып, жәбірленушіні сөйлесу үшін қалаға алып барған. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама