04 қаңтар 2022 | 10:12

Қостанай облысында жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Қостанай облысында іздестірілген 14 жастағы жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында іздестірілген 14 жастағы жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кирилл Дукарт 3 қаңтарда сағат 10:00-де үйір жылқы іздеуге кетіп, оралмаған. Оны іздеуге Төтенше жағдайлар қызметінің полицейлері, кинологиялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар шықты. 110 адам мен 26 техника жұмылды.

Кирилл түнде Майкөл ауылдық округіне қарасты Шеминовка аулында табылған.

Реклама
Реклама

Alau.kz порталының мәліметінше, Кирилл қарлы боран кесірінен адасып, қайтар жолын таппай қалған. Сөйтіп, сағат 23.30-да Шеминовка аулына жетіп, бірінші кездескен үйдің есігін қағып, жылынып алуды сұраған. Сол үйдің тұрғындары жоғалған адам табылғанын хабарлаған.

Жасөспірімді медициналық қызметтің кезекші қызметкерлері тексерген. Оның жағдайы тұрақты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram