30 наурыз 2024 | 13:20

Қостанай облысында жөндеу жұмыстары аяқталмаған ауруханаға байланысты қылмыстық іс басталды

Midjourney

Қостанай облысында жөндеу жұмыстары аяқталмаған ауруханаға байланысты қылмыстық іс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында жөндеу жұмыстары аяқталмаған ауруханаға байланысты қылмыстық іс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп, облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша тексеріс жүргізді.

2020 жылғы 21 шілдеде "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" КМК тапсырыс берушісі мен "Вершина" ЖШС мердігері арасында 1,2 миллиард теңге сомасына ғимаратты күрделі жөндеуге шарт жасалған.

Реклама
Реклама

"Мердігердің атына 921 миллион теңге аударылды, алайда жұмыстар аяқталған жоқ, жасалған шарт бұзылды", - деп жазылған Қостанай облысының прокуратурасы хабарламасында.

Тексеріс нәтижесінде "Вершина" ЖШС мекен жайындағы ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмыстары орындалғанын растайтын құжаттарсыз негізсіз аударылғаны анықталған.

Осы дерек бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша соталды тергеп-тексеру бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная