ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2022 | 09:42
Қостанай облысында жылқы іздеуге шыққан жасөспірім із-түссіз жоғалды
Қостанай облысында 3 қаңтарда сағат 10.00-де үйір жылқы іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Alau.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысында 3 қаңтарда сағат 10.00-де үйір жылқы іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Alau.kz.
Жасөспірім жоғалғаны туралы хабарды Қостанай облысындағы "Дос" және "10 аймақ" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері таратты.
"Қостанайдан 50 шақырымдай жердегі Жуковка аулында 14 жастағы Кирилл Дукарт із-түзсіз жоғалып кетті. Бүгін ол жылқыға мініп, үйірді іздеуге кетіп, оралған жоқ. Бұл жер дала болғандықтан, мұндай жолда жүре алатын көліктер қажет. Қазір жел де соғып жатыр", - делінген хабарламада.
Жасөспірімнің бойы - 150 сантиметр. Арықтау. Үстінде сұр күрте, қара шалбар және қара қалпақ болған. © alau.kz
Іздестіру орнында полицейлер мен еріктілер жүр. Баланы далада қарда жүретін көліктермен іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстарын боран мен қатты жел қиындатып отыр. Өңірде ескерту жарияланған.
"Адам көп, қарда жүретін көліктер, машиналар. Халық баланы іздеуге келді", - дейді еріктілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также