ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2021 | 16:36
Қостанай облысында карантин айтарлықтай жеңілдейді
Қостанай облысында карантин айтарлықтай жеңілдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алауға" сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысында карантин айтарлықтай жеңілдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алауға" сілтеме жасап.
15 ақпаннан бастап мынадай жеңілдіктер енгізіледі:
- Аптаның барлық күнінде шаштараз, сұлулық салоны, маникюр, педикюр, косметология салондарының жұмысына рұқсат етілсін;
- Жексенбіден басқа күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін сауда және ойын-сауық орталықтарының, супермаркет, гипермаркет, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің жұмысына рұқсат етілсін;
- Қоғамдық тамақтану объектілеріне аптаның барлық күні сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін, бірақ толымдылық 50 пайыздан, отыратын орын саны 30-дан аспауы тиіс;
- Қоғамдық қалалық көліктің жұмысына аптаның барлық күніне уақыт шектеуінсіз отыратын орындар саны бойынша толымдылықпен рұқсат етілсін;
- Жабық спорт-сауықтыру және фитнес-орталықтарының жұмысына аптаның барлық күні 30 пайыз толымдықпен 7:00-ден 22:00-ге дейінрұқсат беру;
- Мәдениет объектілерінде 30 адамға дейін дайындық жасауға рұқсат ету;
- Театрлар, кинотеатрлардың жұмысына 20 пайыз толымдықпен рұқсат ету;
- Фудкордтар тек тапсырыс беру арқылы жұмыс істеуге рұқсат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также