ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2020 | 15:32
Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі
23 маусымнан 30 маусымға дейін Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аймақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусымнан 30 маусымға дейін Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аймақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло хабарлады.
Мынадай шешім қабылданды:
Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұру (кезекші топтарды қоспағанда); 20 адамға дейінгі топтармен ашық кеңістікте жаттығуды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқа) жұмысына тыйым салу; Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына шектеу қою, тек клиентке жеткізу және сыртқа шығару қағидасы бойынша істеу.27-28 маусым аралығында Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаковск, Арқалық, Тобыл қалаларының аумағында локдаун режимі (төтенше жағдайға байланысты белгілі бір аймаққа еркін кіріп-шығуға тыйым салу) басталады, ол бойынша бірнеше тыйым бар:
Мынадай жағдайларды қоспағанда, тұрғындардың тұратын жерінен шығуына тыйым салынады: жұмысқа бару; медициналық көмекке жүгінуі; тұратын немесе жұмыс істейтін жеріне жақын дәріханалар мен дүкендерден азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық заттарды сатып алу; қоқыс шығару; жеке көлікпен саяжайға жол жүру; тұрақты күтімді қажет ететін науқастар мен қарт адамдардың күтімі бойынша жол жүру; жануарларды серуендету. Көрсетілген қалалардың аумағында ойын және ойын-сауық қызметінің барлық түрі. Қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде саяжай бағыттарының қызметі. Азық-түлік өнімдерін сататын сауда объектілерін қоспағанда, қала аумағындағы барлық сауда нысанының қызметі. Азық-түлікті көтерме сатуды қоспағанда, сатылатын ассортиментке тәуелсіз барлық сауда базарының жұмысы. Сквер, саябақтардың, жағалаулардың, оның ішінде солардың аумақтарында орналасқан тамақтану және сауда нүктелерінің, сондай-ақ жағажайлар мен демалыс базаларының жұмысы.8-14 маусым аралығында 56 науқас есепке алынды, өсім 26,5 пайыз, 15-21 маусым аралығында 251 жағдай тіркелді, өсім — 94 пайыз болды. Коронавирус жұқтырғандар Қостанайда көп, 97 науқас бар, Рудныйда - 24 жағдай.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также