Қостанай облысында құтқарушылар жоғалған балықшыны тапты

Видео кадры: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары қарлы далада адасқан балықшыны тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары қарлы далада адасқан балықшыны тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

112 пультіне Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында орналасқан Ақжар көлінің жағалауында балықшы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам балықшылар тобымен бірге болған, бірақ жолдастарынан алыстап, бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.

"Хабарламаны алғаннан кейін құтқарушылары жоғары өту техникасымен жедел түрде іздеуге шықты. Үйлесімді жұмыстың арқасында ер адам көлдің жанындағы қарлы далада тез табылды. Құтқарушылар бірден ер адамды жылытып, жылы шай беріп, елді мекенге жеткізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Медициналық көмекке мұқтаж болмаған балықшы құтқарушыларға жедел көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама