05 қаңтар 2021 | 13:01

Қостанай облысында мерзімінен бұрын құпия сайлау өтіп жатыр деген қауесет тарады

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кеткені туралы хабарлама таратып жатыр. Облыстық сайлау комиссиясындағылар мерзімінен бұрын сайлау туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кеткені туралы хабарлама таратып жатыр. Облыстық сайлау комиссиясындағылар мерзімінен бұрын сайлау туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты Ермек Нарымбай Facebook желісінде 4 қаңтарда өз парақшасында жариялады. Ол Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы "Сосновый" шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған.

Реклама
Реклама

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко постта көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"ҚР Сайлау туралы" Заңына сәйкес, сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бiр күн бұрын жеткiзiледi. Аумақтық сайлау комиссиялары, әсіресе учаскелік комиссияларға әлі бюллетеньдер берілген жоқ. Сондықтан дауыс берудің өткізілуі мүмкін емес. Санаторий аумағындағы сайлау учаскесі уақытша болып табылады. Онда дауыс беретін сайлаушылардың тізімі сайлауға бес күн қалғанда ғана нақтыланады. Сайлау күні санаторийде қанша адамның демалатыны бүгін ғана белгілі болады. Содан соң азаматтардың тізімі жасалып, учаскелік сайлау комиссиясына тапсырылады. Осыдан кейін ғана учаскеге қажетті бюллетеньдер саны жеткізіледі. Бұл сайлауға бір күн қалғанда болады. Яғни, бюллетендер тек 8-і күні ғана жеткізіледі. 4 қаңтарда "мерзімінен бұрын дауыс берудің" өткізілуі мүмкін емес", - деп түсіндірді Александр Малашко.

Айта кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда Парламент сайлауы өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная