25 қараша 2021 | 17:39

Қостанай облысында миллиард теңгеден аса жымқыру дерегінің жолы кесілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:gov.kz

Қостанай облысы шаруа қожалықтарының басшыларынан 1 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысы шаруа қожалықтарының басшыларынан 1 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азамат Н.Тілеубаев С.Сүлейменовпен және А.Шәмшадиновпен алдын ала сөз байласып, Қостанай облысы Арқалық өңірінің 70-тен астам шаруа қожалықтарының басшыларына бидай мен арпаны сатқаны үшін алынған ақшалай қаражатты жымқыру схемасын жасаған", - дейді агенттік өкілдері.

Н.Тілеубаев және директор А.Шәмшадинов "Зерновой Пул Казахстана-К" ЖШС атынан Арқалық өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуға кейінге қалдыру шартымен үлгілік шарттар жасасты.

Реклама
Реклама

"Н.Тілеубаев астықты иеленіп, "Зерновой Пул Казахстана-К" ЖШС-нің төлем қабілетсіздігінің жалған жағдайларын жасады.

Содан кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражатын заңдастырды, оларды "GrainExport-NS" ЖШС кәсіпорнының айналым капиталына енгізді",- деп толықтырды агенттік.

Алаяқтық әрекеттері үшін Н.Тілеубаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, С.Сүлейменов және А.Шәмшадинов 5 жылға сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная