ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қыркүйек 2022 | 15:20
Қостанай облысында өрт кезінде үйлерінен айырылғандар банктен миллион теңге көмек алады
Қостанай облысында орман өрті кезінде үйлері өртеніп кеткен отбасылар банктен миллион теңге көмек алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Halyk Bank баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысында орман өрті кезінде үйлері өртеніп кеткен отбасылар банктен миллион теңге көмек алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Halyk Bank баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі мәліметінше, банк Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен тұрғындарға 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек жібереді. Үйінен айырылған адамдар күш жинап, алған қаражатты ең қажет заттарына - тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ пен тауар сатып алуға жұмсай алады.
Сонымен қатар, банк басшылығы үйлері жанып кеткен адамдардың Halyk Bank-тегі несиелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады.
Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына жанашырлық білдіріп, бәрі жақын арада өз орнына келеді деген сенім білдіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также