13 маусым 2024 | 12:26

Қостанай облысында подполковник офицерді соққыға жыққан

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай гарнизонының подполковнигі қол астындағы қызметкерге қол көтергені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tobolinfo.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай гарнизонының подполковнигі қол астындағы қызметкерге қол көтергені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tobolinfo.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы ақпаратына сілтеме жасап, Қостанай гарнизонының подполковнигі басшылық қызметте бола тұра, қызметтік міндетін атқару кезінде қарамағындағы офицерді соққыға жыққан. Оқиға подполковниктің тікелей басшысы және басқа да офицерлер көзалдында болған. Ол көптеген жарақат алған.

Ақмола гарнизоны Әскери соты әскери қызметші Д.-ны Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі "Билiктi асыра пайдалану" бойынша кінәлі деп тапты. Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.

Реклама
Реклама

"Бұл қылмысты Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы мен Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасының қызметкерлері әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында әшкереледі. Бұл ретте әскери қызметші Д-ның бастығы бұл деректі жасырып қалу үшін қолдан келгенше әрекет еткен. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 200-бабына сәйкес арызды қарау аясында басшы қызметінен босатылып, кінәлілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная