ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қаңтар 2018 | 10:50
Қостанай облысында полицейлер аязда тұрып қалған автобус жолаушыларын құтқарды
Әмбебап полицейлер экипажы Қостанай - Әулиекөл тасжолында тұрып қалған автобустың жүргізушісі мен жолаушыларын құтқарды. Бұл жағдай туралы Евгений Ким есімді жүргізушінің алғыс хатынан белгілі болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 3 қаңтарда Талапкер ауылының маңында болған. "VAN" маркалы автобус түнгі рейспен Әулиекөлден облыс орталығына бара жатқан. Алайда қатты аяздар салдарынан қозғалтқыштағы май ағып кетіп, жүргізуші тоқтауға мәжбүр болған.
© Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметі
Осы уақытта кезекте жүрген полицейлер тұрып қалған автобусты байқаған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері автобустарды тоқтатып, адамдарды сыйғанынша орналастырып отырған. Полицейлер алдымен әйелдер мен балаларды құтқарады. Осыдан кейін автобус жүргізушісінің серігі тосол сұйықтығын алып келіп үлгерген. Оталған автобусты полицейлер Қостанайға дейін шығарып салған екен.
Осы жағдайға байланысты автобус жүргізушісі Қостанай облысының ІІД-не аға сержанттар Арман Мұсаев пен Арман Жолмағамбетовтің атына 25 жолаушыны аман алып қалғаны үшін алғыс хат жолдаған.
Показать комментарии
Читайте также