17 шілде 2022 | 11:41

Қостанай облысында психиатриялық диспансерден екі науқас қашып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы. Фото 2gis

Қостанай облыстық психиатриялық диспансерден екі науқас қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облыстық психиатриялық диспансерден екі науқас қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

16 шілде күні кешке Қостанай облысы тұрғындарының WhatsApp желісінде Тобыл қаласындағы психиатриялық ауруханадан шизофрениямен ауыратын екі науқастың қашып кеткені туралы хабарлама тарады. Сонымен бірге олардың "өте қауіпті" екені айтылып, жүргізушілерге кездейсоқ жолаушыларды алмау туралы ескертілді.

Полиция департаменті жағдайды түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Кеше сағат 8-дер шамасында полицияның кезекші бөліміне Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығынан екі науқастың рұқсатсыз шығып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Осы дерек бойынша барлық полиция жасақтары жұмс істеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бүгін сағат 09.00-де Қостанай облысының Жамбыл ауылында науқастар өзеннің жағасында отырған жерінен табылды", - деді ведомстводан.

Полиция қашып кеткен науқастардың ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.

"Облыс тұрғындарының WhatsApp желісінде екі науқастың қауіпті екені айтылған, бірақ бұл ақпарат жалған", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная