07 мамыр 2020 16:26

Қостанай облысында Ресейден келген студенттен COVID-19 анықталды

© Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Қостанай облысында Ресей Федерациясынан келген 2002 жылғы студенттен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында Ресей Федерациясынан келген 2002 жылғы студенттен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Науқас Қостанай облысындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Науқаспен байланыста болған автобустағы адамдар медицина мамандарының бақылауында. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда хаттамаға сәйкес қажет емдеуден өтіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 17 адам, студент, Қазақстан азаматтары 5 мамырда "Қайрақ" шекарасынан өткен. Олар коронавирус инфекциясына қатысты сараптама нәтижеі шыққанша Тобыл қаласындағы карантин стационарына жатқызылған. Эпидемияға қарсы шаралар әлі де жасалып жатыр. 

Жалпы Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 59 адам анықталған. Оның 16-сы аурудан айығып шықса, тағы бір адам COVID-19-дан қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram