Қостанай облысында Рудный қаласының прокуроры ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Рудный әкімдігі

Рудный прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рудный прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство ақпаратына сәйкес, прокурорды ұстау ДҚКБ-мен бірлесіп жүргізілген.

"Қызметтік тәртіпбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Қостанай облысы Рудный қаласының прокуроры Мұрат Успанов. Ол бұл қызметке 2024 жылғы 6 қыркүйекте тағайындалған, оған дейін Қостанай облысының Арқалық қаласының прокуроры болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама