06 сәуір 2023 12:31

Қостанай облысында су тасқыны салдарынан ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанай облысына қарасты Қарасу ауданы Қарамырза ауылының тұрғындары су тасқынына байланысты қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысына қарасты Қарасу ауданы Қарамырза ауылының тұрғындары су тасқынына байланысты қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

"Қарамырза ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Тімтуір өзенінің деңгейін және еріген қар суын бақылайтын 2 бекет қойылды. Жергілікті атқарушы органдары департамент қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен бірлесіп инертті материал салынған қаптарды дайындап жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өткен тәулікте Қарасу ауданындағы Тімтуір өзенінде судың деңгейі 23 см-ге көтерілді, 6-7 сағат ішінде Қарамырза ауылына су кірді. Сағат 24:00-де су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен аула аумақтары су басты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар халықты су басу аймағынан алдын ала эвакуациялады. Өз еркімен көрші көшелерде тұратын 23 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

"Жұмыстарға ТЖД күштері мен құралдарынан 25 адам мен 6 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралы және 14 мотопомпа жұмылдырылды.
Су тасқыны жағдайы бақылап жатыр", - деп толықтырды ТЖМ.

Бұл ретте, жедел іс-қимылдардың арқасында 2023 жылғы 4 сәуірде кешке Железнодорожное ауылында екі пәтерлі 6 үйдегі еріген қар суы сорылды. 33 тұрғын өз үйлеріне оралды, үй-жайларды желдету және кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сағат 23.00-де тұрғын үйлердің жертөлелерінен су сору айдау жұмыстары аяқталды, жалпы 5 мың текше метр көлемінде су сорылды.
Өткен тәулікте жалпы 53 мыңнан астам текше метр су сорылды, 400 дана инертті материал салынған қап төселді.

Халыққа тұщы су беруді қалпына келтіру үшін Железнодорожное ауылының сорғы станциясынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram