06 маусым 2024 | 16:58

Қостанай облысында тұрғындарды алдап 15 миллион теңге тапқан алаяқ ұсталды

Фото: polisia.kz

Қостанай облысында киберполиция жоқ моншаларды сатқан алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында киберполиция жоқ моншаларды сатқан алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

24 жастағы Лисаков тұрғыны өзін монша мен ағаштан жасалған басқа да бұйымдар жасаушы ретінде таныстырып, ОЛХ және WhatsApp арқылы хабарландырулар қойған.

Ол адамдардың сенімін асыра пайдаланып, клиенттермен кездесулер ұйымдастырған. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Қаскүнемнің қылмыстық схемасы туралы Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Олжас Магыпаров айтып берді.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, моншалар мен ағаш паллеттер жасауға келісімшарттар жасаған. Қылмыстық жолмен ол 15 миллион теңге пайда тапқан. Қаскүнемнен зардап шегушілер негізінен жеке үйлердің иелері, Қостанай облысы аудандарының тұрғындары болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті облыс орталығында кезекті заңсыз тапсырысқа барар жолда ұсталды. Қазіргі уақытта 27 факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оның ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная