21 қараша 2022 09:33

Қостанай облысындағы өрт: Тоқаев үй құрылысына қатысушыларды марапаттады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.

"Құрмет" орденімен:

1) Ибраимов Дәулет Дулатұлы - "Строй Элит Дом" ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;

2) Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы - "СК КВS" ЖШС директоры;

3) Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы - "Рудныйсоколовстрой" АҚ бас директоры.

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен:

1) Владимирова Оксана Рашитовна - "Рудныйсоколовстрой" АҚ "Отделстрой" ҚБ аға прорабы;

Реклама
Реклама

2) Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы - "БК-Строй" ЖШС тас қалаушысы.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:

1) Арыққұлов Ерболат Болатұлы - "Строй Элит Дом" ЖШС бригадирі;

2) Әбдіков Дархан Жәнібекұлы - "Алюминстрой" ЖШС директорының орынбасары;

3) Бекжанов Тайыр Ренатұлы - "Алия-Сервис" ЖШС филиалының директоры;

4) Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы - "Парасат Строй Проект" ЖШС директоры;

5) Ким Сергей Романович - "БК-Стройпром" ЖШС директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram