ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2021 | 17:06
Қостанай полициясы ресейлік көлік алған жүргізушілер не істеуі керегін айтты
Қостанайда елуден аса ресейлік нөмірмен жүрген жүргізушілер талап қою үшін мамандандырылған ХҚКО-да жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда елуден аса ресейлік нөмірмен жүрген жүргізушілер талап қою үшін мамандандырылған ХҚКО-да жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі күн ішінде Қостанайда Ресей есебінен шығарылған және Қостанай облысы аумағында жүрген 30-дан аса көлік айыппұл тұрағына қойылған.
"Ең болмағанда уақыт бергенде ғой: не шығару, не есепке қою. Біреулердің көлігі есепке қоюға келеді, ал менікі 2006 жылғы көлік - оны қазақстандық есепке қоя алмаймын. Кейбірінің көлігін алып қойған, неге уақыт бермеді?" - дейді жүргізушілер.
Көлік иелері көлікті бөлшектеп сатудан өзге амал қалмады деп отыр. Олар мемлекеттен уақыт беруді сұрайды.
"Жүргізушілер қасақана заң бұзып, көлік құралын заңсыз басқарады. Автокөлік сатып алған кез келген жүргізуші әрекетін заңдастыруы керек. Қостанай облысында барлығы 312 жол-көлік оқиғасы тіркелген, ал әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы шет мемлекетте тіркелген көлік", - деп түсіндірді жергілікті Полиция департаменті бастығының орынбасары Виталий Цой.
Сондай-ақ, Полиция департаменті көрші елде тіркелген көлікті жалпы сенімхат бойынша жүргізуге болатынын айтты. Тек 12 айдан кейін шекарадан өтіп, көлікті 30 күнге шығару керек.
"Жүргізуші көлікті сатып алғанда заңдылық тұрғысынан тексермейді, ол есепте тұр ма, кепілге қойлған ба, айып тұрағына алынған ба, ұрлық па тексермейді", - деп толықтырды Цой.
Батысқазақстандық көлік жүргізушілері Ресей нөмірі бар көліктерді уақытша немесе тұрақты тіркеуге рұқсат сұрап отыр. Қазір жүргізушілер Ішкі істер министрлігіне арыз жазды. Оған 500-ге жуық адам қол қойған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также