Қостанай тұрғынының ваннасына жылан кіріп кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қостанай тұрғынының ваннасына жылан кіріп кеткен

Полиция қызметкерлері Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

20 қазанда "102" пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар келді.

"Өтінішті алғаннан кейін мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын қазір анықтап жатырмыз, ол біреудің үй жануары болған тәрізді. Қазір жыланның иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді", - деді учаскелік Асқар Ментаев.

Жарнама
Жарнама

Кейін мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін анықтады. Полиция қызметкерлері жыланды қаладан алып шықты. 

Басылым мәліметінше, қазан мен қарашада сужыландар түрлі шұңқыр мен саңылауға еніп қыстайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама