Қостанайда 42 үй, мектеп және әуежай уақытша жылудан ажыратылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қостанайда тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай уақытша жылудан ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай жылуэнергетика кәсіпорны хабарламасына сілтеме жасап.

Қостанайда тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай уақытша жылудан ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай жылуэнергетика кәсіпорны хабарламасына сілтеме жасап.

Компания Герасимов көшесіндегі № 4 тұрғын үй маңындағы жерасты жылу желісіндегі ақауды жоюға байланысты 20 желтоқсанда түстен бастап 20:00-ге дейін Қостанай халықаралық әуежайының ғимараттарын, № 29 орта мектепті, 42 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтау уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

"Қиындық туындағаны үшін кешірім сұраймыз, жұмысты тезірек аяқтауға бар күшімізді саламыз", - деді Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны қала тұрғындарына.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама