22 қыркүйек 2024 | 14:02

Қостанайда бала магнит жұтып, қайтыс болды: дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

Анна Агаркова ұсынған сурет

Рудныйда үш жасар бала 10 магнитті жұтып қойып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Бір айдан кейін дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы осы іспен айналысатын адвокат Дамир Хамитов Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рудныйда үш жасар бала 10 магнитті жұтып қойып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Бір айдан кейін дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы осы іспен айналысатын адвокат Дамир Хамитов Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, полицейлерде соталды тергеуді бастауға барлық негіз бар.

"Қостанай қаласының солтүстік полиция бөлімі 10 магнитті жұтып қойып, қайтыс болған кішкентай Сашаны қабылдаған дәрігерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша ЕҚДБ-да қылмыстық істі тіркеді. Енді тергеу сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлер тарапына жүргізіледі. Кінәлілер баланың өлімі үшін жазалануы керек", - деп жазды заңгер.

Реклама
Реклама

Дамир Хамитовтың мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті өлім дерегі бойынша тексеру жүргізген және медициналық көмек кезінде "баладағы өңештің бөгде денесі", "сепсис", "перитонит" диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамалары бұзылғанын анықтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная