Қостанайда балабақшадағы әрекеті видеоға түсіп қалған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Қостанайда балабақшада баланы құлатып алған тәрбиеші жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда балабақшада баланы құлатып алған тәрбиеші жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайдағы №61 балабақшада орындыққа отырған баланы құлатып алған тәрбиеші енді мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады.

"№61 балабақшадағы оқиғаға байланысты білім басқармасы балабақша меңгерушісіне тәртіптік шара қолданылғанын, қазіргі уақытта тәрбиеші жұмыстан босатылғанын хабарлайды", - деді Білім басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, полицейлер оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша сотта қаралатынын хабарлады.

Еске салайық, Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші орындықта отырған үш жасар баланы түзеймін деп құлатып алғаны хабарланған болатын. Салдарынан баланың бұғанасы сынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама