ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2020 | 18:05
Қостанайда ер адамның патрульдік көліктен қашқан сәті видеоға түсіп қалды
Желіде Қостанайда патрульдік көліктен қашып кеткен адамның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Қостанайда патрульдік көліктен қашып кеткен адамның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті парақшалардың бірінде көліктен түсірілген видео жарияланды, онда мас күйдегі адам патрульдік көлік бағдаршамға тоқтаған кезде одан ақырын шығып, кетіп бара жатқанын көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Новости Костаная 170К? (@kostanay_news) 22 Сен 2020 в 2:48 PDT
Белгілі болғандай, полицейлер қашқынды медициналық айықтырғыш бөліміне алып бара жатқан, ол ұсақ бұзақылық үшін ұсталған.
"Патрульдік көліктің тоқтағанын пайдаланып, заң бұзушы көліктен кетіп қалды, бірақ дереу ұсталып, медициналық айықтырғыш бөліміне жеткізілді. Жергілікті полиция қызметі бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Полицейлер тәртіптік жауапқа тартылды", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также