ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2023 | 09:39
Қостанайда жол белгілерін өзгерткен ер адам жазаланды
Қостанайда ер адам қара бояудың көмегімен жол сызығының бір бөлігін бояп, оны өзіне ыңғайлы етіп жасағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда ер адам қара бояудың көмегімен жол сызығының бір бөлігін бояп, оны өзіне ыңғайлы етіп жасағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция жол белгілерін бұзған ер адамды анықтады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабы бойынша жазаға тартылды.
"Жол қозғалысын ұйымдастыруға осылай өз бетінше әрекет жасау жол апатына себеп болуы мүмкін. Салдарынан азаматтарға айтарлықтай материалдық шығын келтіріледі немесе денсаулығына және адамның өліміне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттерді полиция қатаң түрде тоқтатып, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартады", - деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также