ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2022 | 10:58
Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс себебі аталды
Бас прокуратура Қостанайдағы "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс пен өрттің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура Қостанайдағы "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс пен өрттің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура мәліметінше, 3 қыркүйекте Қостанайда болған "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
"Тергеуде дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан "Сокол" маркалы 40 келі оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алғаны анықталды.
Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты деген қорытындыға келді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтап жатқаны айтылды.
Еске салайық, өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қаза болды. Олардың бәрі дүкен қызметкерлері. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также