ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2024 | 11:31
Қостанайда көлік жүргізушісі 2 жасар баласы бар әйелді қағып кетті
Қостанайда Changan автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 2 жасар баласы бар әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ng.kz" сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда Changan автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 2 жасар баласы бар әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ng.kz" сілтеме жасап.
Аймақтық полиция департаментінің өкілдері басылымға болған оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апат жұма күні кешке Темірбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелдің бірінде болған. Көлік жүргізушісі 23 жаста, ал әйел 34 жаста.
"Қазіргі уақытта полиция барлық қажетті тергеу шараны жүргізіп жатыр", - деп толықтырды ведомство.
Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің қалалық және облыстық балалар ауруханаларына жеткізілгенін айтты.
"Қазір олар реанимация бөлімінде мейірбике қызметкерлерінің тәулік бойы бақылауында. Зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы тұрақты ауыр деп анықталады. Барлық клиникалық тексерулер, бейінді мамандардың консультациялары өткізілді, тағайындалған ем толық көлемде қабылданады", - деп сендірді басқарма.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также