ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2022 | 11:32
Қостанайда криптовалюта өндіретін заңсыз кәсіпорын анықталды
Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті цифрлық майнингпен айналысатын тұлғаларға тиісті лицензиясыз электр энергиясын сату дерегі бойынша "EG" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қостанайда "EG" ЖШС орналасқан жерде 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың ақпанына дейін электр энергиясын тұтыну күрт өскені анықталған.
"Осы уақытта электр энергиясын сатып алуға жұмсалған болжамды сома 32 185 617 теңге (1 кВт/сағ үшін 32 теңге тарифі кезінде).
Тінту жүргізу барысында осы аумақта цифрлық майнингпен айналысуға арналған жабдығы бар екі контейнер табылды, онда 180 дана – Интернет желісінде пайдалану жолымен криптовалюта өндіруге арналған "ASIC" маркалы арнайы жабдық: Whatsminer M20S және Avalon Miner 1166pro-81t табылды", - делінген хабарламада.
Тінту кезінде мамандандырылған техникасы бар контейнерлерді жалға берген кәсіпорындар анықталды. Олардың құрылтайшылары басқа өңірлердің (30 пайыз) және шет елдердің (70 пайыз) азаматтары екені анықталды.
Еске салайық, Қазақстанда өткен аптада бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды. Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 мегаватт, Павлодар облысында - 22 мегаватт, Түркістан облысында - 3,28 мегаватт, Ақмола облысында - 1,03 мегаватт, Қостанай облысында - 0,82 мегаватт, Нұр-Сұлтан қаласында - 1,8 мегаватт, Алматы қаласында - мегаватт, Шымкент қаласында мегаватт цифрлық майнинг бойынша қызмет анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также