07 сәуір 2022 11:00

Қостанайда Lexus жүргізушісі пиццерияға соқты: зардап шеккендер бар

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанайда жүргізуші қатты жылдамдықпен пиццерияға кіріп кетті, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жүргізуші қатты жылдамдықпен пиццерияға кіріп кетті, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға кешкі уақытта болған. Lexus көлігінің жүргізушісі Абай даңғылымен келе жатып, қатты жылдамдықпен пиццерияға кіріп кеткен. Қоғамдық тамақтандыру нысаны аялдамаға жақын орналасқан.

Реклама
Реклама

"Lexus көлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып жол апатын жасады. Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды, қалған мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан пиццерия қызметкерлері мен жүргізуші зардап шекті. Ғимаратта болған әйел мен 19 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

"40 жастағы әйел жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, арқа мен жамбастың контузиясы диагнозымен түсті. 19 жастағы ер адамның миы шайқалған, тізе буыны көгерген", - деп хабарлады Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Lexus көлігінің жүргізушісі миы шайқалып, бас ашық жарақатымен ауруханаға түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram