07 қаңтар 2023 | 12:45

Қостанайда облысында мейрамхана маңына аза тұтуға арналған гүл шоғын қойған адам жазаланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қостанайда облысында 31 жастағы тұрғын тез тамақтанатын мейрамхана маңына аза тұтуға арналған гүл шоқтарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда облысында 31 жастағы тұрғын тез тамақтанатын мейрамхана маңына аза тұтуға арналған гүл шоқтарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, заңбұзушы бұл әрекетке досымен бәстескені үшін барған.

Қостанай қаласының Полиция басқармасы қала тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды. Сонымен қатар, ұсталған кезде ер адам көлікті пайдалану ережелерін бұзып, көлік басқарған. Жол ережесін бұзғаны үшін де ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін қостанайлықтар жабылып қалған McDonald's ғимаратына гүл шоқтарын қойғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная