07 желтоқсан 2021 | 09:22

Қостанайда өртке қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғын сотталуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
alau.kz

6 қараша күні таңертең Қостанайдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты. Жалынды ауыздықтау үшін құтқарушыларға бірнеше сағат қажет болды. Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде үш адамды өлтіргендер іздерін жасыру үшін ғимаратты өртеп кеткен деген ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

6 қараша күні таңертең Қостанайдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты. Жалынды ауыздықтау үшін құтқарушыларға бірнеше сағат қажет болды. Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде үш адамды өлтіргендер іздерін жасыру үшін ғимаратты өртеп кеткен деген ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Алайда полиция бұл деректі жоққа шығарды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі өрттен зардап шеккендердің жоқтығын, 34 қонақ пен 2 қонақүй қызметкерінің эвакуацияланғанын хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам да іздестірілу үстінде. Кісі өлтіру туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

"Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылданды. Көрінеу жалған ақпарат тарату, бұл 204-баптың 2-бөлігі. Жалған ақпарат таратушы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді Қостанай УП бастығының орынбасары Ерболат Мырзатаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная