ПОДЕЛИТЬСЯ
19 мамыр 2019 | 16:08
Қостанайда патриоттар байқауы өтті
Қостанай облысының барлық аудандарынан жиналған патриоттық клуб мүшелері "Адал ұрпақ" дәстүрлі слетінде бақтарын сынады, - деп хабарлайды "Алау".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысының барлық аудандарынан жиналған патриоттық клуб мүшелері "Адал ұрпақ" дәстүрлі слетінде бақтарын сынады, - деп хабарлайды "Алау".
60-тан аса оқушы авторлық әндер орындады, әлеуметтік жобаларды таныстырып, парақорлық, Отан және қауіпсіздік тақырыптарында суреттер ұсынды. Қозғалыстың өзінде 12000-нан аса оқушы бар.
"Жалындаған, әділдік сезімі және әлемді жақсы жаққа өзгертуге ниет білдіру сезімдерін бала кезден үйреткен дұрыс", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша басшысы Салауат Муксимов.
"Адал Ұрпақ" ұйымының басты көздегені - патриоттық бағыт. Екіншіден, әрине, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл адалдық, парасаттылық, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік құндылықтарды дамыту. Бұл біздің өмірімізде қажет ең басты бағыт", - деді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.
Показать комментарии
Читайте также