11 сәуір 2022 | 09:32

Қостанайда полицейлер 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер тәркіленген 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында полицейлер тәркіленген 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаментінің аумағында есірткіні жою бойынша акция өтті. Комиссияның қатысуымен 200 килограмнан аса есірткі өртенді. Полицейлердің айтуынша, бұл есірткі қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер болған. Акция, біріншіден олардың қайталама айналымына жол бермеу үшін, екіншіден есірткіге қарсы іс-әрекет ретінде өткізілді.

Шараға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 40-тан аса студенті қатысты.

Реклама
Реклама

"Бұл біздің бірінші қатысып отырған бірлескен акциямыз емес, біз нашақорлық мәселесіне бейжай қарамаймыз, зұлымдықпен бірге күресуіміз керек", - деді волонтер Артур Шихшабеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная