26 желтоқсан 2023 16:53

Қостанайда тасжолдағы ірі жол апаты видеоға түсіп қалды

видео кадры

Қостанайда 10 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда 10 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 желтоқсанда Қостанайда Абай даңғылында "Астықжан" сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. Оқиға орнынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қостанай облысында 26 желтоқсанда ауа райы күрт нашарлады. Екпінді жел облыстағы бірқатар елді мекендерді жарықсыз қалдырып, Тобыл қаласындағы көпқабатты үйдің шатырын жұлып әкетті.

Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. "Наша газета" басылымының мәліметінше, қарлы боран салдарынан жедел жәрдем көлігі Қостанай ауданы, Қостомар ауылы маңындағы тасжолда тұрып қалған.

Фото "Наша Газета"

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, облыстың жедел әрекет ету тобы әйелді эвакуациялап, дер кезінде перзентханаға жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram